Басты жаңалықтар

100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Назарбаев БАйбек

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Azatmedia.kz ақпараттық порталы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Nur Otan партиясы мен «Birgemiz» қорына әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден қосымша көмек беру мәселесін пысықтауды тапсырды

Кездесу кезінде праймериздің қорытындысы талқыланды. Ресми мәліметке сәйкес, 10 073 үміткердің 36 проценті – әйелдер, ал 29 проценті – 35 жасқа дейінгі жастар. Праймериз кезінде 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Соның ішінде тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым мен көлік, білім мен денсаулық мәселелері бар.

Бюджеттен 11 миллион жымқырған әкім құрықталды

Партия төрағасы праймериздің нағыз әлеуметтік лифт болғанын жеткізді. Соның арқасында партияның құрамы жаңарды, белсенді азаматтар анықталды.

«Бұл партияның кең ауқымды шарасы болды. Оған көп адам қатысты. Бұны алғаш рет өткізіп отырмыз. Праймериз кезінде біраз мәселе мен ұсыныс айтылды. Оған мән беруіміз керек. Себебі Nur Otan – нақты істердің партиясы. Біз бәрін орындауымыз қажет», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол партия сайлауалды бағдарламаның жобасында көрсетілген міндеттерді орындауы тиіс екенін жеткізді. Осы құжат саяси бюроның отырысында талқыланған болатын.

Кездесуде Елбасы партия мен «Birgemiz» қорына әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден қосымша көмек беру мәселесін пысықтауды тапсырды.      

«Партияның орталық аппараты және біздің активіміз біраз шаруа атқарды. Сол үшін барлығына алғыс айтамын. Алда әлі нақты істер көп. Осы жұмысты ел игілігі үшін жалғастыра берген жөн», – деп түйіндеді Назарбаев.

Қатысты жаңалықтар

“СК-Фармация”-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

azatmedia

Қазығұрттағы жан түршігерлік жағдайға қатысты тың дерек шықты

azatmedia

300 мың теңге. Кімдердің кредиті кешірілді?

azatmedia

Пікір қалдыру