Соңғы жаңалықтар

13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қоғамдық коммуникация орталығы» хабарлаған. Ол бойынша, 13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады.

«Жаңа талаптар бойынша, енді тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.

Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі», – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «АСАР-2» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

76 мың. iPhone 11 Pro Max бағасы рекордтық деңгейде арзандады

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ СУРДОАУДАРМАСЫ БАР ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КУРСЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру