9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу үшін қатаң карантинге жабылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
Сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады.
Сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. 65 жастан асқандарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керегі айтылды.