Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

Ұлттық қордың валюталық активтері айдың қорытындысы бойынша 1,4 миллиард долларға төмендеп, 57,3 миллиард болды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орыбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Ұлттық қор мөлшерінің төмендеу себебінің бірі – Қыркүйекте 230 миллиард теңге сомада бюджетке кепілді трансферттерді бөлу бойынша міндеттемелерді орындау үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен $551 миллион сомада сату.

Бұдан бөлек, мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасының сақталуынан қорға небәрі 43 миллион доллар ғана түсім болған.

«Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қыркүйекте теріс болды және (-)$850 млн құрады. Қордың жалпы инвестициялық кірісі жыл басынан бастап оң болып қала береді және шамамен
$1,5 млрд құрайды» деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Қатысты жаңалықтар

Сұлулық байқауының жеңімпазы лауазымды қызметке тағайындалды

azatmedia

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірілді

azatmedia

Пікір қалдыру