Басты жаңалықтар

Снарядтар қоймасы өртеніп, оқ-дәрі жарылып жатыр

Снаряд

Ресейдің Рязань облысы Желтухино кентінің жанындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Батыс әскери округі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоймадағы өрт әскери бөлімнің аумағында шөп өртеніп, қатты екпінді желдің салдарынан орын алған.

Қатты жел соғып, өрт артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау алаңына жайылды. Әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру бөлімі өртті сөндіруге тырысты, алайда өртті тоқтату мүмкін емес еді. Қазіргі уақытта әскери бөлімнің техникалық аумағында оқ-дәрілердің жарылып жатқанын байқауға болады, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Жеке құрам мен әскери қызметкерлер бөлім аумағынан эвакуацияланды.

Көп ұзамай ТЖМ мамандары бірнеше шақырым радиуста орналасқан ауылдардың жанып жатқан қоймалардан эвакуациялады. Ресми мәліметтер бойынша, 2300-ден астам адам шығарылды.

Оқ-дәрілерден шыққан ұшқыннан әскери бөлімнен үш шақырым жерде орналасқан Кузьминка-2 ауылындағы шөп өртеніп кеткен.

Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ бірнеше ондаған әскери қызметшілер қатысады, арнайы әскери техника – екі өрт цистернасы және броньды өрт сөндіру машиналары тартылған. Сонымен қатар, ТЖМ оқиға орнына өрт сөндіру пойызын жіберіп, төрт Ил-76 ұшағы мен екі Ми-8 тікұшағын ескертті. Сондай-ақ, өртті сөндіру үшін арнайы роботтар жұмылдырылды.

Куәгерлердің айтуынша, бірнеше қатты жарылыс болған.

Қатты жел мен 10 секунд сайын орын алып жатқан жарылыс өртті сөндіруге кедергі боп жатыр. Өрттің таралу аймағы ұлғаюда.

Қазір Рязань облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Өрт ошағынан 25 км аумақтағы елді мекендер эвакуациялануда. 10-нан аса тұрғын үй өртеніп кеткен.

Жарылыс толқыны мен снаряд сынықтары бірнеше тұрғын үйдің қабырғалары мен терезелерін зақымдады.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға кезінде он адам зардап шеккен.

Қатысты жаңалықтар

Ринат Зайытов: Тоқал алуға шамам жетпей жүр

azatmedia

Назарбаевтың смайлигін салған дизайнер кісі қолынан қаза тапты

azatmedia

Қазақстандағы көлік саласына жаңа талаптар енгізілмек

azatmedia

Пікір қалдыру