Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Полицейлер топтық төбелестің алдын алды

Шымкенттік азаматтан екі тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қазанда Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына Төреқұлов көшесінде орналасқан мейрамхананың алдында төбелес болып жатқаны және бірнеше азаматтың қарулары бар екені туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында аталған мейрамханаға қарама-қарсы бетте тұрған “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің ішінен 2 тапанша табылған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287 – бабының 1- бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «IKOMEK 109» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ

azatmedia

СОСТОЯЛСЯ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ, ПОСВЯЩЕННЫЙ БЕЗОПАСНОСТИ ВО ВРЕМЯ ТУРИСТИЧЕСКИХ ПУТЕШЕСТВИЙ

azatmedia

Бала күтуші сәбидің қолын күйдіріп, қоқыс жәшігіне тастап кеткен

azatmedia

Пікір қалдыру