Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: СУ БАСУ ҚАУПІ ТУЫНДАҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШІП ЖАТЫР

AzatMedia.kz. 1 мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елдімекенін су алып кетті.

Бөгеттің бұзылуы кезінде су қоймасындағы су көлемін азайту мақсатында облыс басшылығының шешімімен орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мақтаарал ауданының шекарасындағы Сардоба, ВС-1, ВС-1.1, ВС 1.1.9, ВС-1.1.7, ВС-18, Южный, Д-3, Қарой, Центральный коллекторлары суға толып қалды.

ӨР ТЖМ мәліметінше, 1 мамыр күнгі 20.15-те Сардоба су қоймасынан ҚР аумағына су ағызу тоқтатылған.
Мақтаарал ауданы шекарасындағы «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» өткізу қуаты секундына 120 м3 болса, ағын судвң қаттылығына қарай секундына 180 м3 болуы себепті су арнасынан шығып, 02.05.2020 жылы сағат 01-30 минут өткенде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекеніне су басу қаупі туындады.
Жеңіс ауылында 288 тұрғын үй, 1922 тұрғыны бар. Оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер). Сондай-ақ, Жаңа тұрмыс ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел адам, 132 балалар мен жасөспірімдер бар.

Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылды.
Мырзакент кентінде 4 эвакуациялық пунктте 2200 орын дайындалған.
Инженерлік жұмыстара 1 эксковатор, 3 погрузщик, 1 монипулятор жұмылдырылған.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН КӨҢІЛДІ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЯСАУИ ӘЛЕМІ» КВЕСТ САЙЫСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

azatmedia

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ 570 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру