Басты жаңалықтар

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін – ІІМ

Шериф

Қазақстанда АҚШ, Ұлыбритания және Канадада кеңінен таралған шерифтер моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков онлайн-брифингте айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз АҚШ, Ұлыбритания және Канадада кеңінен таралған шерифтер моделін үйренуді жоспарлап отырмыз. Бізге АҚШ елшілігі (Қазақстандағы) көмектесуге дайын», – деді Сайтбеков.

Кто такие американские шерифы и почему они не относятся к полиции

Сонымен қатар департамент бастығы «Полиция жақын жерде» принципінің мәнін түсіндірді.

«Полиция жақын жерде» принципін енгізу бойынша айтар болсақ, барлық полиция көшеге шығуы керек деген сөз емес. Бұл принциптің мәні – полиция қажет болған жағдайда келеді. Шартты түрде мұндай үш орын бар: қауіпсіз орын – мұндай жерде полицияның жүруі қажет емес, ол тек керек болған жағдайда келеді; екіншісі – ішінара қауіпсіздік, адамдар көп жиналатын уақытта, яғни белгілі бір уақытта полиция қажет болады; үшіншісі – қауіпсіз орындар, мұндай орындарда полиция үнемі жүруі керек. Министрлік кейін елді мекендердегі аса криминил учаскелерде полициялардың патрульдеу маршрутына өзгеріс енгізу үшін талдау жүргізеді. Тәулік бойы модуль бекетін орнату жоспарланып отыр», – деді Айдар Сайтбеков.

Қатысты жаңалықтар

«Күнде жиын, күнде той!»: жұлдыздарға заң жүрмей ме? (ВИДЕО)

azatmedia

Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы – 500.000 теңге

azatmedia

Жолдаудан кейін жұмыстан кететін қызметкерлердің тізімі жасалды

azatmedia

Пікір қалдыру