Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Қазығұрттағы жан түршігерлік жағдайға қатысты тың дерек шықты

ҚЫЗЫЛҚИЯ

Әлеуметтік желілерде ұлдарын сабап жатқан әкенің видеосы кеңінен тарап кеткен болатын. Осыған орай Azatmedia.kz ақпараттық порталының тілшісі видеодағы жағдай орын алған ауылға барып, оқиғаның мән-жайын өз көзімен көріп қайтты.

Оқиға Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылында болған. Видеодан әкенің балаларын аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Аталған жайтқа байланысты сайт тілшісі жергілікті мектепке барып, балалардың мұғалімдерімен сұхбаттасып қайтты. Сынып жетекшісінің айтуынша, бірінші сыныпта оқитын баланың сабақ үлгерімі орташа. Шығармашылыққа жақын. Осы уақытқа дейін баланың мінез-құлқында өзгерістер болмаған. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Кезекші сыныпта оқиды. Сабақтан соң әкесі не анасы әкетіп жүрген.

«Әке-шешесінің тарапынан «ұрады, соғады, әкем осындай жағдайға апарды» деген сөздер айтылған жоқ. Бала шағым түсірмеген. Көңіл-күйі үнемі көтеріңкі болатын. Біздің сыныптағы балалардың бәрі бір-бірімен дос. Үнемі бақылап, қарап отырамыз», – дейді С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Балжан Пердебайқызы.

Ал С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжұман Рақымжанұлының айтуынша, мектеп ұжымы мұндай отбасылармен жұмыс істеп келеді. Зорлық-зомбылық бойынша іс-шаралар кешені құрылған. Дегенмен дәл осы отбасыға қатысты видео тарағанда мектеп мұғалімдері де таңғалған. Педагогтың айтуынша, мұндай отбасылар ауылда бар және олармен жұмыс істелуде.

«Ералы Нұрислам кезекші сыныпта оқиды. Кешке әкесі де, шешесі де келіп әкетіп жүрген. Ондай артық әрекеті байқалмады. Мына жағдайды түсінбедік. Анасымен де сөйлестік. Күйеуінің ішіп жүргенін және одан зардап шегіп жүргенін айтты», – дейді Байжұман Рақымжанұлы.

 «Әлеуметтік желіде тараған отбасы жайында хабарымыз бар. Ол отбасы – Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны. 2019 жылы сәуір айында әйеліне күш көрсету бойынша сотқа дейінгі амалдар жүргізілген. Сотта әйелі кешірім беріп, соттан қысқартылған. Одан кейін мұндай фактілер анықталмаған», – дейді Қызылқия ауылдық округінің әкімі Асан Серікұлы.

Ауылдық округ әкімінің айтуынша, отбасы тұрақты отбасылар қатарына жатады. Дегенмен оқиға әкесінің ішіп келуінен туындап отыр. Іс аудандық ішкі істер бөліміне өткізілген. 110-бап бойынша іс қозғалуда. Бұған дейін ауылда мұндай жағдай тіркелмеген.

Түркістан облысының Полиция департаменті аталған бейнежазбаға қатысты, ҚР ҚК-нің 110 «азаптау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал аудандық учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, қазіргі уақытта балалар және олардың анасымен психолог жұмыс істеп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА АЛҒАШ РЕТ ЕКІ МЫҢ ДАНА ҚЫЗҒАЛДАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

azatmedia

«Полицияны шақырып қорқытты» – Алматыда еден жуушы әйел 5 жыл бойы директорға жалақысынан ақша беріп келгенін айтты

azatmedia

ІPhone 12 Pro. Жаңа функция смартфон қолданушыларын таңғалдырды

azatmedia

Пікір қалдыру