Қоғам

ТҮРКІСТАН: Қарабаулық тұрғындар таза ауызсуын тұтынып отыр

Вода

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінің тұрғындары көгілдір отынына толықтай қолжеткізіп отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Бүгінгі таңда Қарабау ауылдық округі басқа округтерге қарағанда кіші болса да ондағы елдімекендер толық табиғи газбен қамытылып отыр.

Жалпы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен бар. Олар Сынтас, Қарабау, Жұмысшы, Үшбұлақ елді мекендер. Аталмыш елді мекендерге 2012 жылы толық газ құбырлары жүргізілсе, 2014 жылы 1025 үй , яғни 6505 адам толықтай табиғи газды қолданып отыр.

Қарабау ауылдық округінің тұрғындары табиғи газ мәселесіне ешқандай да бір арыз шағым жасалмаған. Көгілдір отыны бойынша Қарабау ауылдық округі аудан әкімшілігі мен мемлекет тарапынан толықтай қолдау тапқан.

Сондай-ақ Қарабау ауылдық округінде ауызсу мәселесі де оң шешімін тауып отыр. 2012 жылы табиғи газ құбыры жүргізілген тұста ауызсуқұбырының жүйесі де жүргізілген болатын. Ал, 2013 жылы бірініш кезекте Сынтас, Қарабау Үшбұлақ елді мекендері ауызсумен толықтай қамтылды.

Сонымен қатара, Қарабау ауылдық округіне қарасты Жұмысшы елді мекені бірқатар жылдар бойы ауызсуға қол жеткізе алмаған болатын. Осы Жұмысшы елді мекенінің ауызсу мәселесін шешу мақсатында 2017 жылы аудан әкімдігіне су құбыры сызбасы сызылып өткізілген. Аталмыш мәселе аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып 2018-2019 жылы су құбырлары жүргізіліп, 2020 жылы толығымен нақты айтқанда189 үйді ауызсу жүйесімен толықтай қамтып, бүгінде ауыл тұрғындары таза ауызсуын тұтынып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қыздардың шетелге кетуінің себебі белгілі болды (видео)

azatmedia

Отбасының цифрлық картасы

azatmedia

Желі «жұлдызы». Үйір-үйір жылқы айдаған Асыл қыз ауылды насихаттап жүр

azatmedia

Пікір қалдыру