Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Жігерген ауылдық округінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Атап өтсек, қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 555 000 теңге грантты өз жеке кәсіп жобасын қорғап ұтып алып, шаштараз кәсібін бастаған Суфибеков Серік Ушкенұлы. Қазіргі таңда ауылда өз кәсібін дөңгелетіп жатқан азамат бұл іспен отбасымен бірге айналысады.
«Алдағы уақытта , өз кәсібімді ары қарай дөңгелетіп алып кетіп, осы ісімді үлкейту ойымда бар» – дейді Суфибеков Серік Ушкенович.
«Осындай жәке кәсіпкерлерді оқытып және қолдауға барынша дайынмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай шулап той қуалайтын заман емес, ой қуалайтын заман дегендей ойы ұшқыр жас болсын, кәрі болсын кәсіптерін қолдаймын» – дейді ауылдық округ әкімі Усипов Баратбай Әзімұлы