Басты жаңалықтар

Кувейт әміршісі өмірден озды

Әмірші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Шейх Сабах парасатты да көреген саясаткер, бейбітсүйгіш бітімгер ретінде әлемге танымал болып, оның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алғаны кеңінен мәлім. Бауырыңызды Біріккен Ұлттар Ұйымы «Гуманитарлық көсем» деп тануы да осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Қазақстандықтардың жадында шейх Сабахтың есімі Қазақстан мен Кувейттің берік достығы мен сан қырлы ынтымақтастығын дамытуға сүбелі үлес қосқан қайраткер, Отанын шексіз сүйген азамат ретінде мәңгі сақталады. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

azatmedia

Өзінің құлағын, мұрнын кесіп тастаған (Фото)

azatmedia

Пікір қалдыру