Басты жаңалықтар

Құс тұмауы: құстардың неден өлгені белгілі болды

Птица

Әлеуметтік желіде Екібастұзда жолда өлі торғайлар жатқан видео пайда болды. Алайда әкімдіктің мәліметі бойынша, торғайлар құс тұмауынан өлмеген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін әлеуметтік желіде Пшембаев көшесіндегі өлі торғайлардың видеосы тарады. Екібастұздың ветеринар дәрігерлері оқиға орнына барып, құстарды көлік қағып кеткенін анықтады. Куәгерлер бар», – дейді әкімдік өкілдері.  

Қалалық әкімдік өкілдері Екібастұзда құс тұмауы дерегі тіркелмегенін айтады. Жағдай тұрақты. 

«Аурудың алдын алған дұрыс. Екібастұзда құстарды вакцинациялау науқаны басталады. Вакцинацияға өтініштерді Екібастұз қаласының ветеринариялық станциясы қабылдайды», – деп түсіндірді әкімдіктегілер. 

Қатысты жаңалықтар

Назарбаевтың экс-күйеу баласының неден қайтыс болғаны анықталды

azatmedia

Министрлік балалардың дәстүрлі білім беру форматына оралуын қалайды

azatmedia

…Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

azatmedia

Пікір қалдыру