Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа арбат салынады

Елордада тағы бір арбат салынады, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында жазды. Қазір жаяу жүргіншілер променады құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Қ.Қуанышбаев атындағы Қаздрамтеатрге дейін Омаров көшесінің бойында орналасады. Жаяу жүргіншілер променады екі театр арасындағы аумақты байланыстырады.


«Республика даңғылы жағындағы фонтанды қайта құру жұмысын жүргіземіз. Ол жылғаға қарай ағады. Ал сол жылға бойында балаларға арналған сумен ойнайтын элементтер орнатамыз.

Бұған қоса Арбат аумағында қалалықтар мен елорда қонақтарының көңілінен шыққан аспалы әткеншек орнатылады. Балалар үшін жеке спорт және ойын алаңдары, тыныш аумақтар, коворкинг-орталық сынды тегін семинарлар мен тіл сабақтарын өткізуге арналған жеке зоналар жасалады» – деді қала әкімі.


Бұдан бөлек, көпір асты кеңістігі аумағында (Сарайшық даңғылы) балаларға арналған экоалаң мен аспалы саябақ та салынады. Болашақта Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейін веложол болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ АПАТТЫ ӨШУЛЕР АЗАЯДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 3 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП,6 МЕКТЕПКЕ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

azatmedia

Қазақстанда зейнетақы көлемi өсті

azatmedia

Пікір қалдыру