Ақпарат

Қазығұртта табиғи газ жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Газ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округіндегі 6 елді мекеннің төртеуі табиғи газбен қамтылған болса, 2020 жылы Қызыл бұлақ елді мекеніне газ жүйелері жүрізіліп болған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі уақытта газ желілерін тұрғын үй ішіне кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған елді мекенде 400-ге жуық тұрғын бар.


Атап өтсек, табиғи газбен қамту жұмыстарына мемлекет тарапынан 153 миллион теңге бөлініп, «СтройКомПрогресс» ЖШС тиісті жұмыстарды атқарған.

«Жігерген ауылдық округіндегі Диқан, Айнатас, Жігерген, Тестөбе елді мекендеріне толықтай табиғи газ жүргізілген. Биыл Қызыл бұлақ ауылына жүргізілді. Қазіргі уақытта газ желілерін үй ішіне кіргізу жұмыстары атқарылып жатыр. Ал, Өгем елді мекеніне су электр станциясын салу жоспарланып отыр. Ал, газ жүргізу тиімсіз. Өйткені адам саны аз және үйлер ұлттық парктің есебінде», – дейді Жігерген ауылдық округінің әкімі Усипов Баратбай Әзімұлы.

Қатысты жаңалықтар

Ауылшаруашылығы мәселесі

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН СЫР СҰХБАТ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру