Басты жаңалықтар

Белсенділер: Өскемен әкімдігі қызметкерлері жетімдерге тиесілі үйде тұрып жатыр (видео)

Оскемен

Өскеменнің қоғам белсенділері жетім балалар тұруы тиіс үйлерде әкімдік қызметкерлері тұрып жатқанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, ата-анасынан айырылғандар өз баспанасын өзгелер алып алғанына талай рет шағымданып келген. Олар тұрмыстық қарым-қатынастар бөлімі қызметкерлерінен, полицейлер мен КСК өкілдерінен құралған арнайы комиссия құрамына еніп, 102 пәтерді аралап шыққан.

Тексеру барысында бірқатар құқықбұзушылықтардың бары анықталды дейді телеарна тілшілері.

Жетімдерге арналған 15 пәтердің қаңырап бос жатқанына жарты жылдай уақыт болыпты. Тағы 10-ы бөгде адамдарға жалға берілсе, қалған екеуі құжатта есімі көрсетілмегендердің иелігіне өтіп кеткен. Ал құжаттағы мәліметтерге сенсек, үй кәмелетке толмаған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тиесілі болу керек.

«Пәтерлердің бірінде мемлекеттік қызметкер тұрып жатыр. Пәтер балалар үйіндегі кәмелет жасқа толмаған балаға тиесілі, ал оның орнына пәтерге өзге адам кіріп алған. Бұл жалға алу келісімшартын бұзу болып саналады», – дейді балалар үйінің түлегі Александра Талхигова.

Ол қала әкімі қоғам белсенділерімен жолығып, бұл жайттың шешімін табатынына үміттеніп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 15 млрд теңге кететін болды

azatmedia

«Сөзіңе жауап бересің» – әкім сапасыз жол проблемасын айтқан блогерді жауапқа тартпақ

azatmedia

Бүгін Асқар Маминнің туған күні

azatmedia

Пікір қалдыру