Azatmedia.kz. Ерболат Төлегенов сұхбат барысында әкесін еске алып ағыл-тегіл жылады. Үнемі көңілді жүретін, өзгені күлдіріп жүретін әзілкеш көзіне жас алып, еріксіз жылады. Актер өмірден өткен әкесін еске алды. Әкесі бенесінде жын-шайтандарды көргенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтылды.
Ерболат Төлегенов сұхбат барысында еріксіз көзіне жас алды. Асқар тау әкесінен айырылған Ерболат Төлегенов өкінішін айтты. – Әкемді еске алсам тек жылаймын. Әкеме деген сағынышым басылған жоқ. Мені Алматыға өнер академиясына ертіп әкелген әкем еді. Соңғы рет әкемді вокзалда көрдім. Мені Алматыға шығарып салды. Ол қыс мезгілі болатын. Ақпан айы еді. Әкем мені пойыздың соңына дейін жүгіріп, қол бұлғап шығарып салды. Әдетте олай етпейтін. Жүгіріп жүріп шығарып салды. Біраз күннен кейін қайтыс болды. Мен ол кезде соңғы рет көрген екенмін, – деді әзілкеш.
Төлегеновтің айтуынша, әкесі өлгенін арнайы естіртпеген. Кездейсоқ естіп қалып, шок күйде болған екен.
– Сабақ кезі болатын. Декан кабинетке кіріп келді. Мені сыртқа шығып кетші деді. Шығып кеттім. Бірнәрсе бүлдірдім екен деп ойладым. Оқудан шығара ма екен дедім. Қайта кір деді. Курстастарымның бәрі маған аянышты жүзбен қарап отыр екен. Декан маған әкең қатты ауырып қалыпты. Саған ақша жинап береміз. Талғат досың екеуің ауылыңа барып қайт деді. Біз ол кезде Ақтөбеде тұратын едік, бірақ бізді Шалқарға жіберді. Бір күмәнді ой келді. Үйге хабарластым. Ешкім көтермейді. Құда бала алып, әкең ауруханада жатыр деді. Көрші үйге хабарласып едім, көрші бала әкеңнің арты қайырлы болсын деді. Сол кезде ауыр соққы алдым. Шок болып қалдым. Не істерімді білмедім. Әкемнің өлгенін солай естідім, – деді әзілкеш.
Актер өмірден өткен әкесін аңсайды. Алланың бұйрығына амал жоқ деп көнеді. Әкесі барларға тірі кезінде қадірін біл деп жиі айтады.
– Әкем тірі болғанда көлік әперіп қойып, немерелерімен қыдыртар едім. Меккеге апарар едім деп ойлаймын. Қазір Аллаға шүкір анам бар. Әкем көрмеген жақсылықты анама жасап жатырмын. Қажылыққа апардым. Анамды қуантуға тырысамын, – деді ол. Әкесін көп ойлағаны соншалық көз алдына бейнесін елестеген сәттері болған екен. – Бір күні көлікпен келе жатсам, әкемнің жүзі көліктің терезесінің алдынан көрінді. Үйге келіп жатып едім, тағы бетпе-бет жүзін көрдім. Әкем бейнесіндегі жын ба, шайтан ба білмеймін. Үйдегілер нан 7 нана пісіріп таратты. Молдаға барып құран бағыштадық. Содан кейін көрмейтін болдым, – деді актер.