Ақпарат

Атың шықпаса Минздравты өрте – Бағдат Қожақметов

Журналист

ҚР Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов қазір екінің бірі медицина қызметкерлерін  сынағыш болып кетткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Facebook-тегі парақшасына екі айдай медицина саласында қызмет етіп жатқанын және дәрігерлердің атқарған ісін көпшілікке жеткізіп жүргенін жазды.

Қоғаммен көпір орнатып жүріп түсінгенім: өз-өзін қандай жолмен болса да көрсететін адамдар көбейіп кетіпті елімізде. Солардың кейбіреулері жақсы бір әдіс тапқан секілді. Бордюрге, әкімге, қойнында жатқан әйеліне ренжісе де өшін ақ халатты абзал жандардан алады. Олар аса мейірімді жандар емес пе, бәріне шыдайды. Медсестраны қазақ бекерден Меірбике демейді ғой. Күндіз әлеуметтік желіде оның «бетіне түкіріп, табан сүртіп», кешке жан қиналып ауырғанда түк болмағандай ыңқылдап сол дәрігерге барып емделетіндер бар. Арамызда. Менің әріптестерім жоқ емес олардың ішінде, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, қазір біреуді жамандап атақ шығаратындар көбейіп кеткен. 

Дәрігерлерді, ауырухананы, Денминді «тепкілеу», жамандау бүгінгі күннің әлеуметтік сәніне айналған. Өзін-өзі батыр көрсетіп, атын шығарғысы келетіндер, сол баяғы Минздравқа тиседі. Челлендж сияқты. Жұрттан қаламыз ба деп. Атам айтушы еді: «білген боғын жесін» деп. Бірақ ойымда жүргенін жеткізгім келді. Әрине, бір демде қоғам өзгеріп мәдениетіміз өрбіп кетпейді. Бірақ әр адам істегеніне, ойымен айтқан сөздеріне бір күні жаратушының алдында жауап береді. Оған күмәнім жоқ, – деп жазды Қожахметов.

Сондай-ақ ол емшілердің намысын қорғайтындар арамызда аз еместігін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

azatmedia

Ордабасы ауданына сән беретін бірден-бір сәулетті нысан бой көтертегелі тұр.

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕГІ СУ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА

azatmedia

Пікір қалдыру