Ақпарат

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?

Қазақстан

AZATMEDIA.KZ. Елімізде танып үлгермеген ғажап жерлер көп болса, басқа елге барудың қажеті қанша? Қазақстанда отбасыңызбен демалатын керемет жерлерді жинақтап ұсынып отырмыз.

Бурабай  

Бурабайды «қазақтың Швейцариясы» деп атайды. Ол бірегей табиғи таулы-орманды кешенде орналасқан және барлық туристерді қызықтырады. Әркім бұл жерде өз талғамына сай жер табуы мүмкін. Біреуге Көкшетау тауына серуендеу ұнаса, кейбіреулеріне таза көк-жасыл түсті Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріндегі жағажай демалысы жағымды, тағы біреулері жоғары минералды хлорлы-натрийлі-магний суы бар шипажайда демалуға құштар.

Курорт Бурабай в Казахстане
Бурабай  

«Сарыағаш» курорты

Аталған курорттың  емдік минералды суы бүкіл әлемге мәлім. Бірақ оны дәл бұлағынан ішкеннің рахаты бөлек. «Сарыағаш» курорты Көктерек кентіндегі бақша-саябақ сілемінің алқабында орналасқан және Қазақстандағы ең танымал шипажай  мекемелерінің бірі болып саналады.

Санаторий "Сарыагаш Су"
«Сарыағаш» курорты

Алуан түсті Алакөл көлі

Жоңғар қақпасы асуына жақын, көлге тура таяу жерде екі әсем курортты қалашық: Қақанбай және Барлық-Арасан орналасқан. Бір кездері осында ғарышкерлер сауықтырудан өткен. Ал қазір Алакөлдің емдік хлорлы-натрийлі суы Қазақстанмен қатар Ресейдің және Қытайдың халқын қызықтыруда. Бұл курортты дайверлер де қатты жақсы көреді. Себебі көлдің суы өте мөлдір. Сәті түссе, жағадан және шағын аралдардан сирек кездесетін қызғылт бірқазандарды да жолықтыруға болады.

Дом отдыха Алаколь | Дома отдыха, турбазы в Алматы - Путешествия на  Salexy.kz | 08.04.2016
«Алуан түсті» Алакөл көлі

Баянауыл

Бұл климаттық курорт Павлодар облысындағы өзімен аттас ұлттық саябақтың аумағында орналасқан. Қазақстан мен Ресейдің барлық түпкірінен ағылатын туристер таулар, ормандар, көлдер, үңгірлер, сарқырамалар мен шатқалдарды және ежелгі жартасқа салынған суреттерді тамашалап, рахаттанады. Аса үлкен Торайғыр және Жасыбай қорық көлінің жағасында келушілерді жыл бойы күтіп алуға дайын шипажай мен демалатын жайлы үйлер бар.

Летом на живописном курорте Баянаул ожидают в 2 раза больше отдыхающих
Баянауыл

Рахманов бұлақтары

Бұл курорттың тарихы өте қызық. Аңыз бойынша бұл емдік сульфатты-гидрокарбонатты натрий-магнийлік бұлақты шаруа Рахманов 1793 жылы тапқан екен. Ол өзі жаралаған бір маралдың бұлаққа шомылып, айығып кеткенін байқаған. Шипажай Қазақстанның шығысындағы Алтай тауларының  жүрегіндегіҚатон-Қарағай табиғи саябағының аумағында орналасқан.

Рахман қайнары" шипажайы
«Рахманов бұлақтары»

Балқаш

Жағажай демалысын, желкенді спортты және балық аулауды жақсы көретіндердің әлемдегі ең ұзын (ұзындығы 614 шақырым) ағынсыз су айдынының жағасында демалғанды ұнататыны анық. Таңқаларлығы, Балқаш көлінің  батыс бөлігі – тұщы, ал шығысы – тұзды. Сондықтан оның жағаларындағы табиғат қарама-қайшылықтармен ерекшеленеді.

Озеро Балкаш - Picture of Lake Balkhash - Tripadvisor
Балқаш

Алматының маңайы

Әрине, ғажайып әдемілігімен әлемнің әр түкпір-түкпірінен туристерді тартатын Қазақстанның оңтүстік астанасы екені айдан анық

  • Іле Алатауы – Тянь-Шаньның солтүстік-батысындағы тау жоталары. Белсенді демалысты ұнататындар оның шыңдарын бағындырса, Алатаудың орталық бөлігіндегі табиғи қорықтың қылқан жапырақты орманы тыныштықты қалайтындардың көңілінен шығатыны анық. Ал оның таза көлдері: Үлкен Алматы көлі, гүлге оранған алқап пен ормандар қоршауындағы Есік көлі және Іле Алатауы мен Күнгей Алатау жоталарының арасында орналасқан атақты Көлсай көлі ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны белгілі.
Іле Алатауы ұлттық паркі — Уикипедия
Іле Алатауы
  • Шарын каньоны – Қазақстандағы туристер үшін ең әдемі, керемет және сүйікті жерлердің бірі. Оның қабырғалары күн батқан кезде жайнаған ашық қызыл реңге боялатын үлкен қатпарлы топырақтардан тұрады. Онда неғұрлым көп серуендеген сайын, үңгірлерді, тау қуысы мен айқұш-ұйқыш сызаттарды соғұрлым көбірек кездестіре бересіз.
Чарынский каньон ? Полезная информация
Шарын каньоны
  • Түрген шатқалы – барлық талғамға сай көрікті жерлерімен көркем аймақ. Бұл жерден сіз сарқырамаларды, суы тәтті бұлақтарды және әуесқой балықшыларды қызықтыратын тау өзендерін кездестіре аласыз.
Түрген – қазақ жеріне берілген табиғаттың тартуы
Түрген шатқалы

Демалысыңызды сәтті өткізіңіз!

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «IKOMEK» ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН САУАЛДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

azatmedia

Пікір қалдыру