Соңғы жаңалықтар

Жүзімді жиі жеу де зиян

Агроном жүзімнің адам ағзасына зияны турасында айтты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Ресейлік агроном Владимир Викулов Sputnik радиосына берген сұхбатында жүзімді жиі тұтыну адам ағзасына зиян екенін айтты. Оның пікірінше, жүзім құрамында қант мөлшері өте көп. Ол әдетте жеміс құрамында глюкоза мен фруктоза күйінде болады. «Бір үзім жүзім жедіңіз делік. Ал ол шамамен 1 кг тартуы мүмкін. Демек сіздің ағзаңызға 150 грамм фруктоза түсті деген сөз. Бұл ағза үшін үлкен соққы» дейді агроном.

Бұдан бөлек, Викуловтың сөзінше, шаруалар жүзімді түрлі зиянкестерден қорғау үшін химикаттар қолданады. Олардың дені жүзім сыртында болатындықтан, оны жуып жеген абзал.

Қатысты жаңалықтар

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ БІРДЕЙ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША КОРПУС ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛЫП ОТЫР

azatmedia

Әкімдік жер мәселесін шешуді қолға алған

azatmedia

Пікір қалдыру