Сұранысы жоғары смартфондардың рейтингі шықты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
«Роскачества» эксперттері қазіргі уақыттағы сұранысқа ие смартфондардың рейтингін шығарды. Бірінші орын 125 гигабайттық оперативті жады бар Samsung Galaxy S10+ смартфонына бұйырды. Бес балдық бағалау жүйесінде аталған ұялы телефон 4,037 баллмен бағаланған. Ол қолдануға ыңғайлы әрі сапалы батерейкасының арқасында жоғары көрсеткішке ие болған.
Екінші орынға 2019 жылғы Apple өнімі 256 оперативті жадқа ие iPhone 11 Pro Max жайғасса, үштікті тамыз айында шыққан Samsung Galaxy Note20 Ultra смартфонының 512 гигабайттық моделі түйіндеді.
Алғашқы ондыққа негізінен кореялық Samsung брендінің өнімдері (үздік ондықтың жетеуі) кірді. Бұдан бөлек, қытайлық OnePlus компаниясының 8 және 8 Pro модельдері де үздік деп танылған.
Рейтинг авторларының айтуынша, тізім International Consumer Research and Testing ұйымының эксперттерімен бірге жасалған. Зерттеу 2016 жылы басталған болатын. Сол уақыттан бері рейтинг жаңарып келеді. Сондай-ақ «Роскачества» мамандары зерттеу жұмыстарының әлемдегі ең озық лабораториясында жүргізілетінін де тілге тиек етті.