Соңғы жаңалықтар

Әкімдік халыққа 1 миллион теңгеден таратып жатыр. Кімдер ала алады?

Табысы төмен отбасылар үшін әкімдік тарапынан тұрғын үй сатып алу үшін 1 миллион теңгенің сертификаты беріледі, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан  қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында жазды. Бұрындары мұндай көмекті көпбалалы, мүгедек бала бағып отырған отбасылар алса, қазір бұл тізімге халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының бәрі кіреді.

«Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі  – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім. Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға береміз. Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 млн теңге. Оларды «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қолдануға да болады» деп жазды елорда әкімі.

Енді ертеректе бекітілген тізімге І және ІІ топ мүгедектері, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер, мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары қосылады. Сонымен қатар тізімге экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде баспанасынан айырылғандар, бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері немесе ертеде «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар, көпбалалы отбасылар және т.б.кіреді.

Бұған қоса, Алтай Көлгінов Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік пәтер алатындардың санатын да кеңейткенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, биыл 1 мың пәтерді дәрігерлер мен мұғалімдерден бөлек, әлеуметтік қызметкерлер, полиция, спорт қайраткерлері де ала алады.

Қатысты жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

М.АЙТЕНОВ: МЫ НЕ ДОЛЖНЫ ДОПУСТИТЬ ПОВТОРНОГО РАСПРОСТРАНЕНИЯ ИНФЕКЦИИ

azatmedia

ОТАНҒА КӨМЕК

azatmedia

Пікір қалдыру