Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласындағы Төле би және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру жұмыстарына тұрғындар дән риза, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Леңгір қаласының ажарын ашатын жобаның сметалық құны – 319 миллион 759 мың теңге (2019 жылға – 188 миллион 783 мың теңге, 2020 жылға – 130 миллион 976 мың теңге). Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Мердігер компания – «ПМК-7Л» ЖШС.
Жоба авторы «КАЗ НУР» ЖШС болса, «Мир Строй и Компания» ЖШС қадағалаушы мекеме болды. Абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде қаладағы жасыл белдеудің аумағы артып, тұрғындар демалатын орын кеңейе түсті. Қала көркін келтірген бұл жобаға аймақ тұрғындары да дән риза.