Соңғы жаңалықтар

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Синдзо Абэ бастаған Жапония үкіметі отставкаға кетті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы жапон үкіметі кеңсесінің басшысы хабарлады. Бірнеше сағат ішінде Жапония Парламенті жаңа премьер-министрді таңдайды. Қазіргі уақытта бұл орынға елдегі Либералды демократиялық партияның басшысы Ёсихидэ Суга отырады деп күтілуде. Премьер-министр сайланғаннан кейін ол Үкіметтің жаңа құрамын жасақтайды. Дегенмен Абэ Үкіметінің құрамындағы бірқатар министрлер орнында қалуы мүмкін.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Таро Кононың орнынан кететіні белгілі болған еді. Оның орнына бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Абэнің інісі Нобуо Киси келеді.

14 қыркүйекте Суганың премьер-министр болатыны белгілі болған еді. Ал Абэнің отставкасы туралы ақпарат 28 тамыздан бастап жариялана бастады. Бұрынғы премьер-министрдің денсаулығы сыр бере бастауына байланысты, міндеттерін атқара алмайтыны мәлім болды.

Айта кету керек, Абэ өзінің міндеттерін атқара алмайтыны және Ресйемен бейбіт келісімге келе алмағаны үшін халықтан кешірім сұраған.

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

azatmedia

Израиль Әзербайжанға қару-жарақпен көмектесуде

azatmedia

БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ…

azatmedia

Пікір қалдыру