Соңғы жаңалықтар

«Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ»: Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты

Кайрат

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Нұртастың Ақтаудағы қонақүйлердің бірінде күзетшіге шабуыл жасаған болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Әншінің өкілі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Нұртастың Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны туралы ақпаратты бұған дейін e-gazet.kz басылымы өз дереккөзінің сөздеріне сүйеніп жариялаған болатын. Әншінің Instagram желісіндегі парақшасынан оның расында Ақтауда отбасымен демалғанын байқауға болады. Ал Ақтау полициясы Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын растаған да жоқ, теріске де шығармады. Десе де бұзақылық бабы бойынша соталды тергеу басталғанын растады. Осы орайда, әншінің директоры Мира Келімбетова Tengrinews.kz тілшісіне берген түсініктемесінде Қайрат Нұртастың төбелеске қатысы жоқтығын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

«Қайрат төбелес шығарған жоқ, ешкімнің мұрнын бұзған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Қайрат өте тәрбиелі, дипломат адам. Біреу оның атына кір келтіргісі келген шығар», – деді Мира Келімбетова.

Қатысты жаңалықтар

Қытай көшбасшысын сайқымазаққа теңеген адам 18 жылға сотталды

azatmedia

Бюджеттен 11 миллион жымқырған әкім құрықталды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН БЕРІЛГЕН 83 ПӘТЕР ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру