Ақпарат

Шымкентте карантин жеңілдетілді және ұзартылды

Шымкент

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы тілшісі.

Бұл ретте құжатта карантин шектеулерінде бірқатар жеңілдетулер бар. Мысалы, демалыс күндері тек азық-түлік емес, ашық ауада жұмыс істейтін киім-кешек базарларына 06.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат енгізіледі.

SPA-орталықтарға, сұлулық салондарына, шаштараздарға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері жұмыс шектеледі.

09.00-ден 21.00-ге дейін моншаларға жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері сауналар жұмыс істей алмайды. 

Қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері 07.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Қатысты жаңалықтар

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ: СЕНБІЛІК БАРЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ

azatmedia

ІСКЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

azatmedia

Пікір қалдыру