Карантин талаптарын бұзған азаматқа 569 мың доллар (242 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, ол 6 ай түрмеге жабылуы мүмкін, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Кентукки штатының тұрғыны Джон Пеннингтон үйіне Аляскадан Канада арқылы қайтамын деп жарты миллион доллардан астам айыппұл арқалады.
Канада 21 наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-пен шекараны жапқан болатын. Құрама Штат тұрғындары Канада шекарасынан тек Аляскаға бару немесе қайту үшін ғана өте алады. Басты талап – ең қысқа жолды таңдауы тиіс. Сонымен қатар, Канада аумағындағы ұлттық парктер, демалыс орындары және туристік орындарға баруға тыйым салынған. Талапты бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынады. Бірақ бұл АҚШ азаматына кедергі болмаған сияқты.
Пеннингтон әуелі Канада аумағындағы Банф саябағына саяхат жасаған. Мұны көрген полиция тоқтатып, коронавирусқа тест тапсыру үшін жергілікті ауруханаға жібереді де 910 доллар айыппұл жазып береді. Десе де бұл оған сабақ болмаған. Келесі күні туристік орындарға барып, талапты тағы да бұзады. Нәтижесінде оған бас-аяғы 569 мың доллар көлемінде айыппұл салынады. Бұған қоса, 6 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты үкімді қараша айында жергілікті сот шығарады