Қоғам

Карантин режимі қандай жағдайда күшейеді? – министр жауабы

Карантин

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай жағдайда карантин талабы күшейетініне тоқталды, деп жазады Azatmedia.kz ақпараттық порталы baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Басты өлшемдердің бірі – ауруханалардағы төсек-орындардың 70 пайызға толуы. Егер төсек-орындарда орын жетіспеушілігі туындаса, бұл мәселені мемлекеттік комиссияның отырысында көтереміз. Ал қазіргі таңда төсек-орындар 15 пайызға толған. Бүгінгі таңда біз елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылап отырмыз. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, – деді Цой.

Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирустық пневмониямен сырқаттану көрсеткішінің күрт өсу себептерін айтып берген еді.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде жасөспірімдердің неге суицидке баратыны айтылды

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ – КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДА ДІННІҢ АЛАТЫН ОРНЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру