Басты жаңалықтар Шоу-бизнес

Қазақстанның жарық жұлдызының уәдесінде тұрмай, алдап кеткені рас па?

Концерт

Елімізге белгілі сазгер Бауыржан Есебаев танымал әншіге ренжулі, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы сазгер «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, өтеуіне қомақты қаражат уәде еткен әншілер уақыт өте сертінен тайып кетеді. Солардың бірі – Қайрат Нұртас.

«Бірде Гүлзира Айдарбекова ұлына 15 мың долларға сағат алып бергенін айтып жатыр екен. Қайрат көрші бөлмеде отырған. Есікті жауып, Қайраттың қасына бардым. Сен маған «коттедж алып берем дедің бе?» дедім, «иә» деді. «Джип алып берем дедің бе?» десем, «иә, аға» дейді. «Қайда соның бәрі? Қолыңдағы сағатыңды шеш» дедім. Қайрат «қазір, аға» деп шығып кетті де, қалтасында мың доллары бар, қайтып келді. «Осыған сағат алыңызшы» деп ұсынды. «Мынау анамның сыйлығы еді, бере алмаймын» деп ақталды», – дейді сазгер сұхбат барысында.

Сонымен қатар «Әншілер ән жаздыратын кезде уәдені үйіп-төгеді. Оның бәріне үйреніп қалғам. Бәрі сөйтеді. Кейін уәдесін ұмытып кетеді. Оны қалыпты жағдай деп қабылдауға болады. Олардың сөзіне сеніп, қашан не алып береді деп күтіп жүрген жоқпын. Ол жай ғана сөз жүзінде ғой» дейді хит әндер авторы.

Айта кету керек, сазгер әншіге 16 хит ән жазып берген.

Қатысты жаңалықтар

Оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды

azatmedia

Сәтбаевта 5 жастағы қызды зорлаған педофил түрмеде асылып өлді

azatmedia

Алимент төлемегендерді қандай жаза күтіп тұр?

azatmedia

Пікір қалдыру