Соңғы жаңалықтар

Басшысы мен хатшысы тікелей эфир кезінде жыныстық қатынасқа түсті (видео)

Онлайн

Филиппиннің Кавит провинциясында шенеунік Zoom-дағы онлайн конференция кезінде өзінің хатшысымен жыныстық қатынасқа түсті.

26 тамыз, сәрсенбіде Фатима Дос ауылдық кеңесінің қызметкерлері Zoom онлайн платформасындағы кезекті конференцияға жиналды. Кейінірек олардың бастығы ДЖесус Эстил кездесуге тікелей эфирде қосылды.

Эстил технологияны жақсы меңгермегендіктен, ол қате пернені басып, камераны қосып қойды. Қарамағындағылар жұмыстағы мәселелерді талқылай бастады, содан кейін олардың жетекшісі орнынан тұрып, компьютерден бірнеше қадам жерде диванға отырған әйелдің жанына барды.

Өздерін көріп отырғанын білмеген басшы мен хатшысы әріптестерінің алдында жыныстық қатынасқа түсе бастады. Кейінірек әйелдің оның хатшысы екені анықталды, ол бухгалтерлік есепті де басқарады. Эстилдің әріптестерінің бірі ашық көріністі жазып үлгерді.

Кейін тұрғындар кеңес басшысын орынсыз әрекеті үшін қызметінен босату туралы өтініш жасады.

Ішкі істер және ішкі өзін-өзі басқару министрлігі Эстилдің таяу уақытта қызметінен аластатылатынын айтты.

«Бұл жай құқық бұзушылық емес, бұл ауыр құқық бұзушылық. Біз оны жазалау үшін барымызды саламыз. Әрине, қызметкер кешірім сұрады, бірақ бұл қарапайым нәрсе емес», – деді министрлік өкілі Ричард Джеронимо.

Видео жарияланғаннан кейін Эстил де, оның хатшысы да жұмысқа келмеді.

Қатысты жаңалықтар

«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

azatmedia

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА АЙ САЙЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia

Түркістан: Қызылтаң жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

azatmedia

Пікір қалдыру