Санатталмаған

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

AzatMedia.kz. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар төтенше жағдай кезінде де қарқынды жүріп жатыр. Шымкент қаласының тазалығы үшін елеулі еңбек етіп жатқан мекеменің бірі – «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і. Серіктестіктің құрамында 8 бригада бар. Әр бригадада шамамен 40-50 жұмысшы еңбек етеді.

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтың кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері 2-бригаданың бір күндік жұмысымен танысып қайтты. 50 қызметкері бар бригаданың алғаш лебі жұмысты таңғы 06-00-ден бастап түскі 14-00-ге дейін атқарады, екінші лебі сағат таңғы 09-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс жасайды.

Екінші бригада тазалық жұмыстарын қала орталығындағы Ташенов, Тауке хан, Қазыбек би, Орынбаев, Майлы қожа, Түркістан, Желтоқсан, Кемел Тоқаев, Диваев, Жылқышиев көшелерінде жүргізеді.

Жұмысшылардың санитарлық-тазалық талаптарын сақтауы кәсіподақтардың бақылауында. Күніне жұмыс берушілер тарапынан міндетті түрде әр жұмысшыға жаңа бетперде, қолғап, сабын беріледі. Бұдан бөлек, кәсіподақтар жұмысшылардың жалақыларының уақтылы және толық берілуін басты назарда ұстап отыр.

Екінші бригададан карантинге байланысты ешқандай жұмысшы қысқартылып, табысынан айырылмаған. Осылайша, еңбек адамына қамқорлық танытып, жағдайын сұрап, қиын сәтте жанынан табылатын кәіподақтарға еңбек адамдары алғыстарын жаудырды.

Бұған қоса, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і жұмысшыларына арнайы демалыс орнын белгілеп берілген . Таңғы 6-00-ден бастап қара жұмыс жасайтын жұмысшыларды бөліп-жармай, бірін ана, бірін әке, бірін бауырдай көретін орталық қызметкерлері осындай игі бастаманы жалғастырып келеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру