Басты жаңалықтар

4 млн теңге: парақор шенеуніктің ұсталған сәті ВИДЕОға түсіп қалды

корупция

Шығыс Қазақстан облысының 4 миллион теңгеден аса пара алған шенеуніктің ісі әшкере болды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл оқиға жайлы мәлімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің және бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеу бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады. 

«Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерлерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған.

2020 жылғы 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады» , – делінген хабарламада. 

Қатысты жаңалықтар

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

azatmedia

Баласымен жасты жігіпен құшақтасқан қазақстандық жұлдыздың басы дауға қалды (ВИДЕО)

azatmedia

Атырауда мұнай-кен орындары сатылымға шығарылды (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру