Ақпарат

Ғалымдар ерте қартаюды қоздыратын тағамдарды анықтады

Кофе

Диетолог Елена Соломатина Испаниядағы Наварра университеті ғалымдарының ерте қартаюды қоздыратын өнімдерге қатысты жүргізген зерттеулеріне шолу жасады деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Science Alert-те жарияланған мақалада зерттеушілер ультра өңделген тағамдарды, оның ішінде қуырылған ет пен фастфудты жиі қолдану жасушалардың ерте қартаюына себеп болады деген қорытындыға келді.

Маман майға қуырылған азық-түлік өнімдерінде канцерогендер пайда болатындығын баса айтып, ғалымдардың тұжырымдарымен келіскен. Олар, өз кезегінде, біріктіретін тіннің негізін құрайтын ақуыз, яғни коллагенді жояды.

«Адам зиянды тағамды – гамбургерлерді, қуырылған картопты, тәтті немесе жарма өнімдерін пайдаланған кезде коллагенде тікенек пайда бола бастайды, кейін адамның терісі қатпарлы болып, көп ұзамай әжімге айналады», – деді Соломатина.

Жасқа байланысты өзгерістердің алдын алу үшін диетолог зиянды тағамнан бас тартып, коллагені бар тағамдарды жеке диетаға қосып, жаңартып отыруға кеңес береді.

«Сәбізде, қызанақта, асжапырақта, майлы балықта бұл өмірлік маңызды ақуыз көп, сондықтан жанама әсерлері болмаса, оларды қабылдау міндетті болып табылады», – деді ол.

Соломатина зәйтүн майын, жүзімді, жаңғақты, зімбірді, қызылшаны, балдыркөк пен авокадоны ағзаның жасаруы мен қалпына келуіне ықпал ететін тағамдар қатарына қосты.

Еске салсақ, Германияда тұратын 26 жастағы жігіт өзінің зәрін күнделікті сусынына айналдырғаны туралы жазған едік. Ол осылайша денсаулығына күтім жасайтынын алға тартқан болатын.

Оған қоса, АҚШ-тың Огайо штатында дүкеннен ет алған әйел көп ұзамай полиция шақырған. Ол құс етінің орнына «ер адамның әуретті жерін» сатып алғанынан күдіктенген.

Қатысты жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – СОЗАҚ АУДАНЫНДА

azatmedia

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖОЛ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру