Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ғимараттардың ахуалы, құрылысы, мекемелердің жұмыс барысымен танысты.

Қызылдала мектебі 2009 жылы салынған. Реновация тізіміне енген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі ауысымда 314 бала оқуда. Мердігер мекеме — «Kemel Stroy Group» ЖШС. Білім ұясындағы жөндеу тамыздың ортасына дейін аяқталуы тиіс.

Атбұлақ мектебі де ағымдағы жөндеуден өтуде. Нысан 660 орындық. Екі ауысымда 618 оқушы білім алуда. Ғимараты 2007 жылы пайдалануға берілген. «NDS SERVICE» ЖШС мердігер компания ретінде танылған. Балалар жаңғыртудан өткен мектепте жаңа оқу жылын бастайды.

Шарбұлақ ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылыс-монтаждауы бақыланды. Биыл наурызда басталған құрылыс 2026 жылы бітіп, білім ошағы ашылуы керек. Қазіргі таңда 30 жұмысшы қызмет етуде. Мердігер мекеме — «Ar Kua Group» ЖШС.Ақбастау мектебі 1985 жылы ашылған. Содан бері 3 ғимарат салыныпты. 1-ші ғимаратына 2013 жылы жөндеу жүргізілген. 2-ші және 3-ші нысандарына ретке келтіру қажет.Сарапхана елді мекенінде инвестор қаражаты есебінен 500 орындық мектеп бой көтеруде. Жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ауылда жаңа білім ұясына қажеттілік болған. Бұл мәселе де оңтайланбақ.

Іссапар Рабат орталық ауруханасында жалғасты. Елді мекенде 8300-ден астам халық тұрады. Ауруханада 54 қызметкер жұмыс істейді. Жылына 500-ге жуық науқас қабылдайды. Нысан 2007 жылы қолданысқа тапсырылған. Ғимараттың шатырлары жаңартуды қажет етеді. Қасбетін қаптау керек. Инженерлік жүйелерінің тозығы жеткен. 2023 жылға дейін табиғи газбен жылытылып келіп, жаңа қазандыққа ауыстырылған. Бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқын алды.

Ал, Қаратас ауылдық емханасындағы күрделі жөндеу бітсе, биыл ел игілігіне қолданысқа тапсыру жоспарланып отыр. Конкурстың жеңімпазы — «Радуга СН» ЖШС. Қажет қаражат бөлінген. Құрылыс бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісіне берілген.

Жаңадан салынған Ақбастау медициналық пунктінің құрылысы зерделенді. Мұндағы жұмыстың 60%-ы тәмамдалған. Плита жабыны қойылып, ішкі қабырғалары сыланған. Шатыры жабылды. Инженерлік жүйелерін тарту жүргізілуде. Мердігер — «Урба-Стандарт» ЖШС.Жалпы құрылыс алаңдарында бәріне қойылатын ортақ талап — сапалы атқару, уақтылы аяқтау, аса жауапкершілікпен қарау, әрбір қамтылған нысан тұрғындар үшін қызмет ететінін әсте ұмытпау. Жұмысшылар санын көбейту керек. Жергілікті азаматтарды тарту ұсынылды. Жауапты тұлғаларға облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасы мен ескертуі жеткізілді. Жоғары деңгейде орындамаған азаматтарға тиісті шаралар көріледі. Мониторингті тұрақты өтеді.

Қазығұрттағы сапар аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де қорытындыланды. Орталық отбасы институтын қолдай отыра, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында құрылған. Мекемеде 14 жатын және 2 қабылдау орны, 6 жұмыс бөлмесі қарастырылған. Мұнда азаматтарға консультациялық оның ішінде әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмектер көрсетіледі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

azatmedia

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?

azatmedia