Димашты жерден алып, жерге салып жүрген қазақтың танымал айтыскері Ринат әп-сәтте өзгеріп шыға келді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталының тілшісі.
Еске сала кетейік: Әлемді өзіне қаратқан Димаш Құдайбергенов ұллтық арнада өткен телевизиялық шоуға қатысқан кезінде, төреші болып Ринат Зайытов отқан болатын сол кезде өз пікірінде.
«Мынауың сенің талант емес, шыңғырып әлемді таңқалдыра алмайсың. Бұндай бізге әншілердің қажеті жоқ»- деген, болатын
Ал қазір міне, Ринат Зайытов Димаш Құдайбергенге қатысты жұртты мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Айтыскер ақын «TalkLike» жобасына келіп қоғамдағы түрлі мәселелер жөніндегі ойымен бөлісіп, театр мен эстрада туралы, өнер адамдары мен қоғамдық мәселелер жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ, ақын ғаламторда кең тараған «Саз әлемі» бағдарламасындағы Димаш Құдайбергенге қатысты пікіріне тоқталды.
Сұқбат барысында журналистің: «Әлемге қазақтың әнін әйгілі етіп жатқан Димаш Құдайбергеновке Қазақстан Республикасының қандай атағын беруге болады?» деген сұрағына,
Ринат: «Кез келген атағын беруге болады. Қазір қайсысы бізде … «Мәдениет қайраткері» ма?»-,дей келе, бұл атақты Димашқа әлі бермегеніне таңданып, «Беру керек! Әбден лайық!»-, деп ойын түйіндеді.