Павлодар облысының білім саласына қатысты үлкен айқай-шу болып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл өңірде бүгіндері жұмыс істеп жатқан 14 мектеп директоры қылмыстық жазаға тартылған адамдар екенін анықтады. Тіпті, біреуі кісі өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеген, – деп хабарлайды zakon.kz.
Екіншісі-парақор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «өткені күмәнді » екі басшыны да жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды «Еуразия» Бірінші арнасы.
Тергеу органы бұл адамдардың басшылық қызметке қалай және қандай жағдайда қабылданғанын анықтау қиын болып жатқанын түсіндірді.
Олар мүлде басқа қызметке тағайындалған. Егер олар бұрынғы лауазымында қала берсе, онда сәйкесінше бұл жерде заңның күші болмайды. Және де, заң бойынша, олардың бірі білім беру саласында қылмыс жасағандықтан жұмыс істей алмайды. Ол кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылды, ол мүлде жұмыс істемеуі керек еді, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығығының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Балғожин