Соңғы жаңалықтар

80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсірген

80 метр

Вьетнам тұрғыны 80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсірген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы  Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

92 жастағы Вьетнам тұрғыны Нгуен Ван Чин 12 жасынан бері шашына қайшы жолатпаған екен. Нәтижесінде шашының ұзындығы бес метрге дейін барған қария әлем жұртшылығының таңданысын тудыруда. Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады екен.

Айтуынша, көп жасауының құпиясы – шашының ұзын болуында. Ван Чин дүниеге келген сәттен бастап адам баласы дене-бітіміне ешқандай өзгеріс жасамауы тиіс деген пікірде. Осылайша, шашына да тиіспеуді жөн санайтын ақсақал шашын қиса, немесе шаш үлгісін өзгертетін болса, өмірімен қош айтысуы мүмкін деген сенімде. Бақыты мен ұзақ жасауын шашының ұзын болуымен байланыстыратын Ван Чин шашын барынша күтіп, таза ұстайды.

Тіпті басына орамал тағып жүруді жөн көретін болып шықты. Ол шашты өсіру оған Құдайдан берілген ерешке күш-қуат деп біледі. Ван Чинге шашын күтімде ұстауға 62 жастағы ұлы Луом көмек көрсетеді. Ол да әкесінің шашы қасиетке ие деген пікірмен оған қайшы жолатпағанды оң санайтынын алға тартты.

Қатысты жаңалықтар

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 20 АЗАМАТҚА «ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

azatmedia

Гүлзира Айдарбекова: «Самолетке мінгеннен түскенше, барған жерлерімде де балаға түкіртумен болды»

azatmedia

Пікір қалдыру