Соңғы жаңалықтар

АУРУДЫҢ ТАРАҒАНЫН КҮТПЕУ КЕРЕК…

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, халыққа қызмет көрсететін нысандар мен адамдардың көп жүретін орталық көшелерде залалсыздандыру жұмыстары басталды.Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері – тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында карантин талаптарын сақтау бойынша, аудандық орталық аурухана дәрігерлері екпенің маңыздылығы бойынша түсіндіру шараларын жүргізуде.»Залалсыздандыру – сауда орындарын, мекемелерді, сонымен қатар жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді де қамтуы шарт. Аурудың таралуына жол бермеу үшін әр азамат сақтануды өзінен және отбасынан бастағаны абзал. Былтырғы жағдай бәрімізге сабақ болды деп ойлаймын», – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.

Қатысты жаңалықтар

Әп-сәтте ақшасыз қалуыңыз мүмкін – алаяқтар жаңа айлаға көшті

azatmedia

316 МНОГОЭТАЖНЫХ ДОМОВ ШЫМКЕНТА ПЕРЕШЛИ НА НОВУЮ СИСТЕМУ УПРАВЛЕНИЯ ЖИЛЬЕМ

azatmedia

Елімізде жасөспірімдердің неге суицидке баратыны айтылды

azatmedia