The Athletic инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе жек туралы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Azatmedia.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның берген ақпараты бойынша, жанкүйерлер «Канело» мен GGG арасындағы жекпе-жекті биыл тамашалай алмайды. «Канело» Альварес қазіргі кезде Сергей Деревянченкомен 14 қыркүйекте жұдырықтасу туралы келіссөздерді жүргізу үстінде. «Канело» басқа қарсыластарын да қарастыруда, бірақ олардың арасында Головкин жоқ. «Канело» — GGG арасындағы жекпе-жектің 2021 жыл басталғанша өтуі екіталай», – деп жазды Коппинджер Тwitter-де.
Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметаа (21-0, 5 КО) қарсы өткізетіні күтіліп отыр. Бұл жұдырықтасу тамыз айында өтуі тиіс