Спорт

ҚАЗЫҒҰРТ: СПОРТ – МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, “Спорт күні” мерекесі қарсаңында ауданымызда спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бапкерлер мен спортшылар марапатталды. Бұл шарада еліміздің абыройын асқақтатып, республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген майталман спортшыларымыздың еңбегі ерекше атап өтілді.

Салтанатты жиында аудан әкімінің м.у.а. Мұхамедғали Әшірбаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласына үлес қосып жүрген азаматтардың қажырлы еңбегіне тоқталып, олардың жетістіктерін ерекше бағалады. “Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, ауданымыздың спорт саласының дамуына қосып жүрген елеулі еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің, киелі Қазығұрт ауданының абыройын асқақтатып, намысын биікке көтереді деген сенімдемін. Спортта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болуына тілектеспін” – деді Мұхамедғали Әшірбаев.

Сонымен қатар, спорт күніне арналған шарада сала қызметкерлері мен спортшыларға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл шара ауданымыздың спортшыларын, сондай-ақ олардың жетекшілерін қолдау мен құрметтеудің бір көрінісі болып, әрбір қатысушыға жаңа жетістіктерге жетуге деген жігер мен ынта берді.

Қатысты жаңалықтар

Неймар коронавирус жұқтырды

azatmedia

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовке тоқалы қыз туып берді

azatmedia

Токио Олимпиадасы: Баландин финалға шыға алмады

azatmedia