Шоу-бизнес

«Іш киімдеріне дейін көрсетеді»: қазақтың салтын сынға алды

Жұлдыз

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова қазақтың салт-дәстүрлерінің бірін сынға алды. Карантин уақытында кішігірім жиындарда өнер көрсетіп жүрген әнші кейбір ғұрыптардың кемшін тұстарын байқаса керек деп жазады Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі өз ойын Instagram парақшасында ортаға салды.

«Үйінің ауласында әулеті ғана жиналып,азғантай адамға жасап жатқан Қыз ұзату, Құдалық рәсіміне барып жүрмін. Құдалардың бір-біріне сыйлық беріп, құрмет көрсеткендері ұнайды.Бірақ, мен қабылдай алмай жүрген дәстүрлеріміз бар.

Осы бізге кит-мит, бір-бірінне беретін мата-сатаны қоюға болмай ма? Қыздың артынан әкелген қалың мал сомасын қыздың өз шаңырағындағылар ғана білсе болмай ма? Көпшілік алдында хабарлау міндетті түрде керек пе? Ең ұнамайтын жері – құдалардың алып келген дүниесін ортаға шығарып көрсету.

Қыздың артынан келген дүниелерді ақтарып ыдыс аяқ, көрпе-жастық, іш киімдеріне дейін көрсету шынымен біздің дәстүріміз бе?! Неге бәрін қиындата береміз. Екі жақ бір-біріне өз шамасына қарай сыйлық берсе болды емес пе?!

Кімнің кімге қандай сыйлық бергені қызық па сонда қонақтарға? Материалдық деңгейі әртүрлі ғашықтарды бір-бірінен айыратын да осындай кәделер ғой…»,- деп жазады Жазира Байырбекова.

Көпшілік әншінің бұл ойын әртүрлі қабылдады. Бірі оның пікірін қолдап, салт-дәстүрді қоса сынаса, екіншілері мұның еш әбестігі жоқ екенін айтуда.

Қатысты жаңалықтар

«Жазда өлем» – әкесін еске алған актриса желідегі жұртты жылатты

azatmedia

«КешYOU» тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шығып, сүйіктісін көрсетті (фото)

azatmedia

«Күйеуімнен құтылдым»: Астаналық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы жұбайы туралы айтты

azatmedia

Пікір қалдыру