Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар балалардың ақылды болып өсуіне не қажет екенін анықтады

Дети

Бельгияда ғалымдар балалардың ақылды болып өсуіне қандай жағдай оң әсерін тигізетінін анықтады деп жазады Azatmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап

Бельгияның Хасселт университетіндегі зерттеушілер ағаш пен кез келген өсімдіктер мол жерде өскен балалардың IQ деңгейі жоғары болады деген тоқтамға келді.

Euronews Living сайтындағы ақпаратқа сәйкес, зерттеуге 10-15 жас аралығындағы түрлі аймақтарда тұратын 600-ден астам жеткіншек қатысқан.

Нәтижесінде баланың айналасындағы өсімдіктер санының небәрі 3 пайызға артуы баланың IQ деңгейін орта есеппен 2,6 пунктке жоғарылатыпты. Бұл жайт кез келген әлеуметтік-экономикалық топқа жататын балаға қатысты.

Осылайша ғалымдар баланың ақылды болуына тәрбие мен қаржылық жағдайдан бөлек ағаш пен кез келген өсімдіктердің әсері барын байқаған.

Олардың пайымынша, жасыл аймақта өсетін балалар күйзеліске сирек ұшырайды, тыныштықтан ләззат ала алады әрі сыртта ойнаудың арқасында өзін дамыта түседі екен.

Одан бөлек ауаның тазалығына игі әсер етіп, аптап ыстықтықтан қорғайтын ағаштар балалардың денсаулығын да жақсартады дейді ғалымдар.

Еске салсақ, бұған дейін жапониялық мамандар 2 жастан кіші балаларға маска тағу қауіпті екенін анықтаған болатын.

Олар бетперде кигенде тұншығып қалуы әбден мүмкін. Одан бөлек елімізде балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Ө.Шөкеев: Сапада салғырттыққа жол берілмейді

azatmedia

ТҮЛКІБАСТЫҚ 2042 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖАНАТ ТӘЖИЕВА ЗАҢСЫЗ СЕРТИФИКАТПЕН ЖАЛАҚЫ АЛҒАН ПЕДАГОГТАР ЖАЙЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

azatmedia

Пікір қалдыру