Ордабасы ауданы әкімінің бастамасымен жас ұрпаққа өнеге болып, тарихқа тағзым етіп, өткенге құрмет көрсетуге арналған ісшаралар тоқтаусыз өткізілуде. Соның бірі Аудан әкімінің бастамасымен жас ұрпаққа өнеге болып, тарихқа тағзым етіп, өткенге құрмет көрсетуге арналған ісшаралар тоқтаусыз өткізілуде. Соның бірі бүгін Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудандық Жастар сарайында өтті. Белсенді жастар Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың қызы Нағима Қарсыбайқызымен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Оралбаев Азат жүргізді. Асылдың сынығындай болған әжей жастарға қиын-қыстау балалық шағы мен өмірінің өнегелі сәттерінен үзінді айтып, жүректі дір еткізген сәттері болды. Қарсыбай Спатаевтың інісі, соғыс ардагері Тілеубай ақсақалдың ұлы Берік те кездесуге келіп, тарихқа шолу жасады. Атасының ерлігі туралы баяндады. Қаһарман қала Сталинградқа сапары туралы айтып, ол жерде атасына деген құрметтің қаншалықты жоғары екенін жеткізді. Бауырластар зираты басындағы Батыр баба рухымен сырласқандай әсерін еске алды. Оның әрбір сөзі кездесуге қатысқандарға рух бергендей. Себебі, жастар қонақтарға сұрақ қойып, әңгімелерін сүйсіне тыңдады. Ауданның белсенді жастары Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың қызы Нағима Қарсыбайқызымен кездесті. Асылдың сынығындай болған әжей жастарға өмірінің өнегелі сәттерінен үзінді айтып, жүректі дір еткізген сәттері болды. Қарсыбай Спатаевтың інісі, соғыс ардагері Тілеубай ақсақалдың ұлы Берік те кездесуге келіп, тарихқа шолу жасады. Атасының ерлігі туралы баяндады. Қаһарман қала Сталинградқа сапары туралы айтып, ол жерде атасына деген құрметтің қаншалықты жоғары екенін жеткізді. Бауырластар зираты басындағы Батыр баба рухымен сырласқандай әсерін еске алды. Оның әрбір сөзі кездесуге қатысқандарға рух бергендей. Себебі, жастар қонақтарға сұрақ қойып, әңгімелерін сүйсіне тыңдады.Кездесу соңында Нағима әже жастарға білім алып, аянбай еңбек етіп, биіктерден көрінуге тілегін білдіріп, ақ батасын берді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық