Соңғы жаңалықтар

Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қайта қаралады

Биыл ауыл мұғалімдерінің еңбекақысын есептеу жүйесі қайта қаралып, ЖОО педагогтарының жалақысы 25 пайызға артады, – деп хабарлайды azatmedia.kz. inform бюро сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз кеңесінде жаңа оқу жылындағы өзгерістерді баяндады.

Асхат Аймағамбетов ауылдар мен шалғайдағы мектептерде білім беру сапасы төмен екенін атап өтті.

«Ең басты мәселе – ұстаздардың біліктілік сапасы мен олардың тапшылығы. Көптеген мектепте бір мұғалім төрт-бес пәннен сабақ береді. Сапа мәселесін шешу үшін ауыл мектептерін қаржыландыру және ауыл мұғалімдеріне еңбекақы төлеу жүйесін жаңарту қажет. Бұл жұмысты бастап кеттік», – деді ол.

Министрлік ауыл мұғалімдеріне жалақы төлеу жүйесін жаңартуды қолға алып, биылғы оқу жылында осы жұмысты аяқтауды көздеп отыр.

Министр оқулықтарда кемшілік көп екенін мойындап, оларды дайындау жүйесі жетілмегенін айтты.

«Оқулықтарды дайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Қазір авторлар мен сарапшыларды оқытып жатырмыз. Оқулықтардың сапасы, оларды апробациядан өткізу және қолдану мониторингі бойынша талаптарды заңнамалық түрде белгілейміз», – деді Білім және ғылым министрі.

Оның сөзінше, оқулықтар бойынша жұмыс жалпы міндетті стандарттан, типтік жоспарлар мен бағдарламалардан басталып, содан кейін сараптама мәселесі, апробациялау, авторларды даярлау және оқыту, басып шығарудан тұрады. Енді осы бизнес процестер жаңа форматта іске асырылады.

Қатысты жаңалықтар

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

azatmedia

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

azatmedia

Қытай көшбасшысын сайқымазаққа теңеген адам 18 жылға сотталды

azatmedia

Пікір қалдыру