Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жасалған қылмыс туралы ақпарат жарияланды

Полиция

Күдіктілер колония бойымен ені 2,5 метр болатын шұңқыр қазған. Сондай-ақ, қылмыс орнынан тез жасырынудың жолын тапты

Маңғыстау облысында түзеу мекемесіне есірткі мен ұялы телефон жеткізген екі ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Олар қылмысты бүге-шүгесіне дейін есептеп, әзірленгені айтылып отыр, деп хабарлайды azatmedia.kz Lada.kz. сайтына сілтеме жасап

«Күдіктілер колония бойымен ені 2,5 метр болатын шұңқыр қазған. Сондай-ақ, қылмыс орнынан тез жасырынудың жолын тапты», – деді колния басшылығы. 

Алайда олардың жоспары жүзеге аспады. Телефон мен есірткі заттарын жеткізу оқиғасы анықталып, күдіктілер табылды.

Нәтижесінде облыстың екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар кінәсін мойындап отыр.

Бұдан бөлек, Ақтау соты жеткізуді ұйымдастырған үш сотталушыны ұстауға қатысты қаулы шығарды. Олардың жеке заттары мен жататын орындары тексеріледі.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан қаласының халқы 500 мыңнан асады

azatmedia

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИЫЛ 14 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚСАРЫ ӨНІМІН ЖИНАДЫ

azatmedia

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА ЖАҚСАРА ТҮСУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру