Санатталмаған

ҚАНША МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮСТЕМАҚЫ АЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

AzatMedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемақы алды.

COVID-19 індетімен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Оның бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді. Екінші санат қауіптілігіндегі 337 дәрігер мен фельдшерге үстемақы төленді. Үшінші топқа 1 630 медицина қызметкері еніп отыр. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерін қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері және жедел-жәрдем жүргізушілері.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, әрі облыстың бас инфекционист-дәрігері Бақтығали Ережепов қиын сәтте тапжылмай індетпен күресіп жүрген ұжымдағы әр қызметкердің ерлігін және табандылығын ерекше бағалайтындығын атап өтті.

– Қазығұрт ауданының медицина қызметкерлеріне бөлінген барлық дәрігерлер мен орта және кіші буын қызметкерлеріміз үстемақыларын алып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру осы саланың мамандарына үлкен қолдау болды, – дейді жоғары білікті инфекционист-дәрігер Бақтығали Аюбайұлы.

Осы ауруханаға қарасты провизорлық госпитальдың дәрігері Бақыт Ақынғазиева 2 санат бойынша 425 мың теңге үстемақы алды. Асыл жар, 4 баланың анасы, қарусыз майданда адам өмірін арашалап жүрген ақ желеңді абзал жан бір айға жуық уақыт жақын туыстарын көрмеген. Өз кәсіби қызметіне адал денсаулық сақшысы барлық әріптестерінің атынан алғысын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру