Соңғы жаңалықтар

Тамыздан бері вирустық пневмонияға шалдыққандар 20 мыңнан асты, бір күнде 787 науқас анықталды

Пневмония

Қазақстанда өткен тәулікте белгілері коронавирус індетіне ұқсас пневмонияға 787 адамның шалдыққаны анықталған , деп хабарлайды AZATMEDIA.KZ Azattyq.org сілтеме жасап

Бір тәулікте пневмонияның осы түрінен 6 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1-19 тамыз аралығында «коронавирустық пневмонияға» шалдыққандар 20 541 адамға жеткен. Осы аралықта 237 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 19 тамызда Сovid жұққаны зертханалық талдаумен расталған 15 адам көз жұмған. 13 наурыздан бері барлығы 1461 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 15 904 адам емделіп жатыр. 64-і – бала. 6 942 науқас стационарда жатыр. 350 адамның жағдайы – ауыр, 100 адамның жағдайы – өте ауыр. 63 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдеріне оның ішінде Қазақстанға да коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсайтын, бірақ зертханалық талдаумен расталмаған пневмония түрін біріктіруге кеңес берген. Көрші Қырғызстан шілде айының ортасында көрсеткішті біріктірген. Ал Қазақстан бастапқыда біріктіретінін мәлімдегенмен кейінірек бұл ниетінен айнып қалды. Егер екі көрсеткішті қосса, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар – 124 356 адамға жетеді. ДДСҰ ресми сайтында Қазақстандағы Covid статистикасын солай біріктіріп көрсеткен.

Қатысты жаңалықтар

«Мені жезөкше етіп көрсетті» – қарағандылық порномодель полицейлерді сотқа бермек (Видео)

azatmedia

«Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ»: Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты

azatmedia

Беларусьтегі наразылық: шеруге 2 мың тұрғын қатысты

azatmedia

Пікір қалдыру