Соңғы жаңалықтар

Қ.Тоқаев: «Проблема шешілмей келеді»

Қасым - Жомарт Тоқаев

Қ.Тоқаев: Шенділер ауысқанымен, проблема шешілмей келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz Asatana.kz сайтына сілтеме жасап

Өткен жылмен салыстырғанда биыл жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылғандар саны 11 пайызға артқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған алаңдаулы. Бүгін Ақ ордада сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері қаралған жиын өтті. Президент қоғам дертімен күрес жұмыстарын қайта құру қажеттілігіне тоқталды. Әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек. Президент бүгін мұны тағы айтты. Мұндай мәселелер: болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, керісінше оның алдын алу маңызды екеніне тоқталды. 

Әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек. Президент бүгін мұны тағы айтты. Мұндай мәселелер: болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, керісінше оның алдын алу маңызды екеніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жең ұшынан жалғасқан жемқорлардың азаймай отырғанына қынжылады. Мемлекет басшысы биылғы 7 айда 912 адам жазаланғанын тілге тиек етті. Олардың арасында 2 облыстың әкімі бар деді. Медицина саласындағы жемқорлық дәрі тапшылығы туындаған соң ғана жалпақ жұртқа жария болғанын айта келе бұл жағдай қайталанбауы қажет екенін ескертті.  

Президент жемқорлармен күрес жұмысын түбегейлі қайта құру қажет деп санайды. Ол үшін мемлекет мен азаматтардың күш-жігерін біріктіруге шақырды. Сонда ғана жемқорлық белең алып, қоғам наразылығын туғызып жүрген түйткілді салаларды анықтауға болады деді.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлер өз алдына бастама көтермейді, жауапкершілікті сезінбейді, қажетсіз әрекеттер жасайды. Бұл жағдай пандемия кезінде айқын көрінді. Қазіргі мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту аса қажет,- деді Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ карантин кезінде блок-бекеттердегі парақорлықты да еске алды. Тұрмыстағы осындай жемқорлық әрекеттерді тоқтатпай, халықаралық рейтинг туралы айтудың өзі де жөн-жосықсыз деді. Жолдың сапасына, оқу орындарындағы парақорларға  шағынданушы әлі де азаймай келе жатқанын айтты. Осыған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Үкімет, Бас прокуратураға тапсырмалар жүктеді. Жаңа жол картасын әзірлеуді ұсынды. Құзырлы органдарға бір ай уақыт берді.

Қатысты жаңалықтар

Басшысы мен хатшысы тікелей эфир кезінде жыныстық қатынасқа түсті (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАН 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖІЛІК ҰСТАТУ» РӘСІМІ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру