Шымкентте дезинсекция салдарынан үш бала уланып өлді. Көп қабатты тұрғын үйлерде жүрген залаласыздандыру жұмыстарын мамандар талапқа сай жүргізбепті, деп хабарлайды Azatmedia.kz Astana.kz сайтына сілтеме жасап.
Нәтижесінде пәтерде қалған үш нәресте уланып қалды. Ақпан айында болған қайғылы оқиға осы уақытта сотта қаралып жатыр. Қылмысы дәлелденіп жатса дезинсектор 5 жылдан 10 жыдға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі таңда іс істің қаралу сатысы сот тергеу барысында. Іс бойынша біршама куәлардан жауап алынды. Қалған куәлардан алдыңғы сот отырысында жауап алатын болады,- дейді Шымкент қаласы. Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.
Келтірілген деректерге қарағанда 42 жасар маманның екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында жүрген тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді..
Қылмыстық іс бойынша екі фактіге яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмай, осы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген,- дейді Шымкент қаласы. Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.
Сот барысында сегіз куәнің төртеу тыңдалған. Қалғандары келесі процесстерде көрген-білгенін айтуы тиіс. Айыбы дәлелденіп жатса дезинсекция жүргізген маман 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.