Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының көшелерінде LED жарықшамдары орнатылатын болды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Орда.kz ақпараттық агенттігі.

Қалада елу мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұратын болады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік – жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Жалпы, жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған.

Одан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және төрт көшедегі жарық жүйелерін қайта құру жұмыстары, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БҰЛШЫҚ ЕТІ …

azatmedia

ІPhone 11 бағасы күрт төмендеді

azatmedia

11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛУДА

azatmedia

Пікір қалдыру